Маркетинг жүргізудің 7 жолы

882
маркетинг

Сіздің шағын ғана бизнесіңіз бар делік. Ары қарай тауарыңызды немесе қызметіңізді жетілдіре түсу, қаржылық жағдайыңызды реттеу, қызметкерлерге мотивация беріп отыру және жалпы алғанда компания жұмысын өрге бастыру деген толып жатқан шаруаны атқаруыңызға тура келеді.

Мұндай тығыз графикте клиент тарту үшін де жаңа әдістер табуға уақыт бөлуге тура келеді. Шағын компаниялардың иелері бизнестегі ең маңызды сфераның бірі маркетингті жолға қойып үлгереді.

Маркетинг әрдайым үлкен назарды қажет еткенімен, маңызды шаруалар тізімінің соңында қалады. Маркетинге қандай да бір уақытыңызды бөлу қажет. Ал уақытты қысқартып, нәтижесін арттыруға болады ма? Төменде айтылған 7 кеңес сізге уақытыңзды үнемдеп, жаңа клиенттер табуға көмектеседі.

1. Маркетинг автопилоты режимін қосыңыз

Өзіңіз туралы клиенттеріңіздің есіне салып отырудың ең тұрақты әдістерінің бірі — электронды пошта. Жаңалықтар жіберу, арнайы ұсыныстар туралы хабарландыру немесе тегін контент тәрізді  тәсіл нәтижелі болады. Тек баптауларды әрбір хат сізге тіркелген жаңа клиентке немесе тұрақты клиенттердің барлығына жететіндей орналастыру қажет. Тұрақты клиенттеріңізді электронды поштасының мекен-жайын қалдыруын өтінбестен бұрын, оларға пайдалы нәрсе ұсыныңыз. Басқа жұмысты автоматты жүйе бітіреді.

2. Әлеуметтік желідегі жұмыс үшін бірнеше сағат бөліңіз

Иә, сіздің клиенттеріңізге әлеуметтік желідегі белсенділігіңізді байқаған жақсы, бірақ олар сізді 24 сағат бойы бақылап отырмайды. Аптасына 2-3 күнге бір сағат бөліп, қандай жазба жарнамалап отыратыныңызды жоспарлап қойыңыз. Суреттер тауып, қысқаша мәтін жазыңыз. Ал апта ішінде парақшаңызға кіріп, сұрақтарға жауап беріп отырыңыз.

3. Әлеуметтік желілерді таңдай біліңіз

Сізге барлық әлеуметтік желіге тіркелген қажет пе? Жоқ. Сізге бәрінен де пайда әкелетін сайтты таңдаңыз. Егер мейрамхананы басқарып немесе дүкен ашып жатсаңыз сіздің визуалды контентіңіз көп деген сөз. Facebook пен Instagram сізге максимал пайда әкеледі.

Бәлкім, сіз қолөнермен айналысатын шығарсыз. Бұл жағдайда Etsy немес Pinterest-ті ұсынамыз. В2В компания (бизнес бизнес үшін) басқарасыз ба? LinkedIn ең тамаша вариант болады.

4. Жергілікті басқосуларға барып, сізге қажетті іс-шаралардан қалмауға тырысыңыз

Табиғи маркетингтің нәтижесі әрдайым жоғары болады. Әрине, уақытыңызды алады, бірақ клиенттер тауып, танымалдылығыңызды арттырудың ең қарапайым әдісі осы. Егер іс-шараларды жұмыс кестеңізге қосуды үйренсеңіз, сіздің күнделікті жұмысыңызға айналып кетеді.

5. Стратегиялық әріптес үшін мүмкіндік іздеңіз

Барлығын өзіңіз жасау міндетті емес. Стратегиялық әріптестік — басқа компаниямен тауарыңызды жетілдіру, жарнамалау және тарату мақсатында серіктес болу.

Сіздің мақсатты нарығыңызда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан, сізге қарағанда тәжірибесі көбірек адам ең мықты әріптес болмақ. Егер сіздің йога-студияңыз болса, спа-салон жанында орналасқан маркетинг компаниямен өзара келісімге келуге болады.

6. Онлайн-каталогқа қосылыңыз

Бұл жерде тіпті ойланудың қажет жоқ. Егер сіздің тұрақты клиенттеріңіз компания іздеп жүрсе, олардың сізді таба алатындай барлық мүмкіндіктері болуы қажет. Бірнеше уақытыңызды өз компанияңыз туралы жаңалықтар, суреттер немесе ақпарат беретін кез-келген мультимедиялық өнімді мүмкіндігіңіз бар барлық жерге жариялауға арнаңыз.

7. Көмек сұраңыз

Егер сіздің маркетинг жоспарлар енгізуге немесе оларды үнемі жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз болмаса, біреуден көмек сұраңыз. Не істесеңіз де, маркетингтің артықшылығын ұмытпаңыз. Бүгінгі жұмсаған уақытыңыз сізге ертең үлкен пайда әкелуі мүмкін.

Ең қиыны — бастау.