Маркионне: IPO-да Ferrari құны 10 миллиард еуродан асып түседі

429

Fiat Chrysler Automobiles концернінің бас директоры Серджио Маркионне IPO аясында Ferrari-дің нарықтық капиталдандырылуы кемінде 10 млрд еуро болатынын мәлім етті.

Концерн басшысы мұндай пікірін Италияның Турин қаласында өткен жаңа Fiat 500 хэтчбегінің таныстырылымы кезінде айтты.

«Біз компания қағаздарының алғашқы орналастырылуы кезінде Ferrari SpA құны кемінде 10 млрд еуроны қамтиды деп болжап отырмыз. Біз Ferrari-ді бірегей бренд ретінде көреміз. Бұған қоса, шектеулі ұсыныс факторы өз рөлін ойнайды: біз пакетімізден компания акцияларының тек 10%-ын сатпақпыз», — деп мәлімдеді С.Маркионе.

Ferrari-ді жеке компания ретінде бөліп шығаруға қатысты ресми жоспар 2014 жылдың күзінде айтылған болатын. FCA басшылығы бұл IPO-ны 2015 жылдың соңында өткізбек.

Ақпарат көзі: Вести Экономика