Мәжіліс жаңа қаржы реттеуішін құру туралы заң жобасын мақұлдады

33
қаржы
Фото:inbusiness.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан Парламенті Мәжілісі Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігін құру туралы заң жобасын мақұлдады.

Сондай-ақ, мәжілісте екінші оқылымда Қаржы нарығы мен микроқаржы қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер мақұлданды.

Бұл құжатта Ұлттық Банктің валюта заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптарын орындамағаны үшін жауаптылығына, кредиттеу нарығындағы жүйелік проблемаларды тездетіп жою және қарыз берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында микрокредиттеу субъектілерін әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеу және уәкілетті органда есептік тіркеу мерзімдерін 2021 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 шілдеге ауыстыру туралы жазылған.

«Еске сала кетейік, 2019 жылдың мамыр айында Ұлттық Банкте қаржы секторын реттеу жөніндегі тәуелсіз орган — қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігін құру туралы заң жобасын әзірлеген болатын. Құжат мәжілісте таныстырылды. Заң жобасы Президенттің тапсырмасы бойынша қаржы нарығын қадағалау функцияларын бөлу, сондай — ақ тұтынушылық кредит беру тәуекелдерін шектеу үшін әзірленді», — деп атап өтті Ұлттық Банкте.

Ведомствода хабарланғандай, елдің экономикалық өсуіне жәрдемдесу үшін Ұлттық банк ақша-кредит саясатының тиімділігіне және инфляцияны бақылау бойынша шараларды жүзеге асыруға шоғырлануға ниетті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау функцияларын президентке есеп беретін жаңа мемлекеттік органға беру ұсынылды.

Мамыр айының соңында Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікті құру Ұлттық банктің қайта құрылуы арқылы жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

«Өкілеттіктер Ұлттық Банк тарапынан жаңа органға берілетін болады. Қазіргі штаттан 500 адам агенттікке берілетін болады. Мамыр-маусым айларында бұл жұмысты Қаржы министрлігімен аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді бас банкир.

Пленарлық отырыста депутаттар Ұлттық банк қызметінің бір бөлігін жаңа агенттікке беруден үнемделген қаражаттың қайда жұмсалатынын сұрады.

«Біздің бюджет 10 млрд теңгеге қысқарады, бірақ ақша жаңа агенттік қызметкерлерінің еңбекақысына жұмсалады, сондықтан біз оларды бюджетке қайтармаймыз», — деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз жұмысын бастайды. Жаңа ведомство Алматыда жұмыс істейтін болады. Ұлттық банк елордада жаңа кеңсені іздестірумен айналысады.