McDonald’s-тың бас директоры «қызметтік роман» үшін жұмыстан кетті

Alyssa Schukar/AP Images for McDonald's

McDonald’s  компаниясының бас директоры Стив Истербруктың қарамағындағы қызметкерімен жақын қарым-қатынасы үшін қызметінен кеткенін хабарлады. Ол компанияны 2015 жылдың наурыз айынан бері басқарып келген еді,  деп жазады The Wall Street Journal.

McDonald’s басшының кету себебін – корпоративтік ережені бұзғаны үшін деп түсіндірген. Истербрук жақын қарым-қатынаста болған қызметкердің аты-жөнін айтпаған, бірақ  қарым-қатынасы өзара келісіммен болды дейді.

52 жастағы менеджердің өзі «Бұл қателік болды. Корпоративтік құндылықтарды ескере отырып, директорлар кеңесінің шешімімен келісемін. Маған ары қарай жылжу керек» деген Истербруктың өзі.

Оның орнына McDonald’s-тың америкалық құрылымын басқарған Крис Кемпински келді.

Истербрук McDonald’s-та 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. 2011 жылы кетіп, 2013 жылы қайта оралған. 2015 жылдан бастап бастап бас директор. Компанияда оның жақсы басшы болғанын айтады. Ол басқарған кезде McDonald’s акцияларының құны екі есеге өскен.