Media құрылтайда отандық БАҚ мәселелері талқыланады

7
Фото: Мейірман Лес

21 қараша. 7kun.kz. Алматы — Жиында отандық басылымдардың редакторлары , сарапшылар, саясаттанушылар, журналистер мен қоғамдық қайраткерлер отандық БАҚ нарығын дамытумен байланысты мәселелердің кең шеңберін талқылайды.

Биыл Media құрылтай «Қазақстанның медиа нарығы: жыл сайынғы тексеру және диагностика» тақырыбында өтеді. Отырыста ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов, Медиа альянс басқармасының төрағасы Арманжан Байтасов, Құқықтық медиа орталығының директоры Диана Окремова және басқа да сарапшылар Қазақстан медиа-нарығында болып жатқан өзгерістерді талқылайды.

«Конференцияның «Цифрлік дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» деген басты тақырыбы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Сандық теxнологияға көшіп жатқан заманда медиа тиімділігін дәл әрі нақты өлшеу БАҚ-тың бизнес-стратегиясына тікелей әсер етеді. Өлшеу мәселесі MEDIA ҚҰРЫЛТАЙ аясында тұрақты түрде көтеріліп отыратын тақырып ретінде кәсіби ортаның үлкен қызығушылығын тудырып қана қоймай, нарық ойыншыларына бүкіл салаға әсер ететін бірлескен шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді»,-дейді ұйымдастырушылар.

Жобаның тұрақты ұйымдастырушысы және авторы – Қазақстан Баспасөз клубы.

«Пікірталастар мен талқылау  аясында біз медиа нарықтың өзекті деген мәселелеріне көңіл бөліп отырмыз. Media құрылтай БАҚ-тағы ең басты оқиғалардың біріне айналып үлгерді. Біздің міндетіміз – отандық БАҚ-тағы мәселелердің бетін ашып, оның шешімін тауып, келісімге келу, медиа саласының ашықтығы мен кәсіби деңгейін көтеру», — дейді Қазақстан Баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова.
Арнайы панельдік пікірталас биыл қазақ тіліндегі БАҚ-ты дамыту мәселесіне баса назар аударып отыр.