ЖаңалықтарТаңдаулы1Таңдаулы2

Медициналық сақтандыруға қанша қаражат аударылды?

Аймақтар арасында ең көп сома бұрынғысынша Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан түседі.

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 1-30 қараша аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті медициналық сақтандыру үшін 8,64 млрд теңгеден астам қаржы аударылды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 қарашаға дейінгі кезеңде жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 122,47 млрд теңгені құрады.

Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдарына, 8,64 млрд теңгесі (шамамен 7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасына тиесілі.

Аймақтар арасында ең көп сома бұрынғысынша Алматы, Астана және Қарағанды қалаларынан түседі.

Айта кетейік, МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберілетін болады.

Tags

Осы айдарда

Close