Мемлекет кәсіпкерлердің жаңа кассалық аппараттары үшін шығындарын өтейді

53
салық
Фото: alytics.ru

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Мемлекет жеке кәсіпкерлердің жаңа онлайн-бақылау-кассалық машиналары үшін шығындарын өтейді. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тиісті өзгерістер енгізілді және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Құжатқа сәйкес, есептелетін жеке табыс салығының сомасы — кәсіпкер деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын немесе үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алған жағдайда төмендетілген түзетуге жатады. Салық төлеушілер ең көп дегенде 60 мың теңге қайтара алады (бірақ ЖТС есептеген соманың 50%-нан аспайды).

Айта кетейік, осыған ұқсас норма басқа жеңілдетілген салық режимдеріне қолданылады.