Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы парамен ұсталды

пара
Фото: sputniknews.kz

Алматы. 16 маусым. 7kun.kz — Алматыда Мемлекетік кірістер департаментінің бас маманы пара алғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ақпарат қабылдау және өңдеу орталығының бас маманы 470 мың теңге көлемінде пара алған. Есесіне ол заңсыз ақша берген адамға көлік салығы төленгені туралы жалған анықтама беруі тиіс болатын.

«Қызметкер салық төлеушінің қарызы екенін білген. Өйткені, оның міндеті қозғалтқышы көлемі үлкен көліктерге салық төленуін қадағалау. Кейін бұл анықтамамен салық төлеуші ХҚКО-ға барып, көлік салығы төленгенін айтқан», — делінген баспасөз хабарламасында.

Тергеу жұмыстары кезінде оның тағы екі сыбайласы бар екені анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындағандықтан қамауға алынды.

Болашақта мұндай қылмыстық әрекеттердің алдын-алу үшін департаментте арнайы комиссия құрылды.