Мемлекеттік кіріс комитеті контрабандашыларға 3 млрд теңге айыппұл салды

Қазпошта
Фото: kzvesti.kz

Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда контрабандашыларға 3,2 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Мемлекеттік кіріс комитеті.

Ведомство төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев айтуынша, 2019 жылдың басынан бері Қытайдан тауар импорттайтын 50 кәсіпкерге тексеру жүргізілді.

«Нәтижесінде, іс жүзінде барлығы қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, қаржы-шаруашылық қызметін жүргізетіні анықталды. Бұзушылықтарға жол берген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып, 3,2 млрд теңге көлемінде 80-нен астам айыппұл салынды», — деп атап өтті Инкербаев.

Сондай-ақ, Инкербаев жергілікті департаменттер базасында жедел штабтар мен мобильдік топтар құрылғанын, олар тауарларды соңғы алушыны белгілеп, құжаттарда мәлімделген құнның дұрыстығын және жанама салықтардың төленуін тексеретінін айтты.

«Аталған топтар барлық әкелінетін тауарлар бойынша тексеру шараларын жүргізеді. Заңға бағынбайтын компанияларды тексеру басталды. Соңғылары құжаттардағы мәліметтердің дәйексіз мәлімдеуімен қатар, тауарлардың құнын төмендету мен жанама салық төленетін нақты айналымдарды көрсетпейді», — деп атап өтті Инкербаев.

Оның айтуынша, мұндай заң бұзушылар «Қорғас» ШЫХО-да көлеңкелі компаниялардың кең таралған схемаларында басты фигуранттар болды. Комитет төрағасының орынбасары тәртіп бұзушылар кедендік тазартусыз шекарадан өтуге, өз қажеттіліктері үшін жеке тұлғаларды пайдаланатынын хабарлады.

Сондай-ақ, Комитетте қазіргі уақытта жеке тұлғалар тауарларды әкелудің рұқсат етілген нормасын 50 кг-дан 25 кг-ға дейін қысқарғанын еске салды.