Мемлекеттік кірістер департаментінде кадрлық өзгерістер болды

кірістер
Фото: yakutiamedia.ru

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев жаңадан тағайындалған Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нурмулдин Дулат Нұрахметұлын ұжымға таныстырды.

Нурмулдин Дулат салық органдарында 1992 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторынан бастап, төраға орынбасары, сосын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Ақмола облысы бойынша салық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарды.

2014 -2015 жылдар аралығында Ақмола облысының әкімінің орынбасары, 2015 — 2019 жылдар аралығында — Ақмола облыстық маслихатының хатшысы қызметінде болды.

Сонымен қатар, Сәрсембаев Төлеген Қапсалықұлы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ол қаржы саласында еңбек жолын 1993 жылы бастады.

Алматы қаласы, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қаржы бақылау басқармаларында, сосын Алматы қаласы Түрксіб, Бостандық аудандары бойынша комитетінде жұмыс атқарды. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша салық департаменттерінің басшысы, 2017 жылдан 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары, 2018 жылдан 2019 жылға дейін Түркістан облысы Әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.