ЖаңалықтарТаңдаулы1Тұлға

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы ауысты

Астана. 18 қазан. 7kun.kz — Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бүгін ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайлов жаңа басшыны комитет ұжымына таныстырды.

М.Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Экономист-қаржыгер, заңгер, әкімшілік басқару магистрі. Абай атындағы АлМУ-ін, Қазақ Заң академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласының салық жүйесінде бастаған. Ұзақ жылдар бойы салық саласында, Қаржы министрлігінде, Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде басшылық қызмет атқарды. Былтырдан бері Алматы қаласының кірістер департаментін басқарып келген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетін Ардақ Теңгебаев басқарған болатын.

Tags

Осы айдарда

Close