Мемлекеттік табыс комитетінің қызметкерлеріне 77 млн теңге көлемінде пара ұсынылған

404
Фото:Tengrinews.kz

Астана. 11 қараша. 7kun.kz — 2 жыл ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне 77 млн теңге көлемінде пара берген. Осы саладағы қызметкерлерді сатып алудың 25 фактісі тіркелген. Бұл туралы қаржы министрлігіндегі мемлекеттік табыс комитетінің (МТК) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді. 

МТК өкілінің сөзінше, пара бергендердің жартысына жуығы айыппұл төлемінен бастап, бостандығынан айыру деген аралықтағыдай жазаланған. Өткен жылмен салыстырғанда 2016 жылдың 9 айында сотқа дейінгі жемқорлық зертеулерінің саны 37%-ға азайған. Олардың 120-ға жуығы мемлекеттік табыс комитетінің ішкі күштері немесе басқа да құзырлы органдармен бірлесе отырып анықталған.

«Мемлекеттік табыс жүйесінде пара алу фактілері бойынша қылмыстық істер саны 88-ден 45-ке дейін қысқарды. Осыған дейін негізгі жұмыс жемқорлықтың салдарын жоюға бағытталып, кінәлілерді жазалау арқылы жүзеге асырылса, енді қазір алдын-алу іс-шараларына көбірек көңіл бөлінеді», — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Мұрат Жұманбай жемқорлықпен ұсталған басшылық қызметіндегі қызметкерлерге қатысты жазаны күшейту туралы да мәлімдеді. 2016 жылдан бастап әлсіз антикоррупциялық жұмысы және қарамағындағыларын қажетті деңгейде бақылай алмағаны үшін 44 басшы дисциплинарлық жауапкершілікке тартылды, оның 4-нің қызмет дәрежесі төмендетілді. Осы жылдың тоғыз айында 3,5 мыңнан астам тұлға дисциплинарлық тәртіпте жазаланды, оның ішінде 64 қызметкер жұмысынан босатылды.