ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Экономика

Мемлекеттің жаңа урбанизация картасы жасалынады

 Алматы. 5 қазан. 7kun.kz —   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің урбанизациясының картасын келесі жылдың қыркүйек айына дейін дайындауды тапсырды.

«2030 жылға дейін елдің аумақтық дамуының болжау схемасын 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әзірлеуді тапсырамын. Бұл елді урбанизациялануының жаңа картасы болады», – деді Н.Назарбаев.

«Соңғы уақытта 1300 мектеп жабылды.  Өйткені бұрынғыдай ауылдар жоқ. Сондықтан енді қайда жол саламыз, қайда құрылыс жүргізілетін мәселені басқаратын карта болады (елдің урбанизациясы – IF-K)», – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін өңірлерді дамыту жөніндегі іс-шараларды, жобаларды және қаржыландыруды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

«Аймақтық дамудың осы аспектілері «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламаларында ескерілуі ​​тиіс. Оны іске асыруды 2025 жылға дейін ұзарту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы айдарда

Close