«Мен көп ойландым»: Тоқаев президенттің өкілеттігін шектеуге қатысты пікір білдірді

Астана. 6 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев не мебепті Қазақстанда президенттің өкілеттігін шектеу туралы шешім шығарғанын түсіндірді.

«Тағы бір бастама – президенттің өкілеттігін 7 жылдық бір мерзіммен шектеу. Мен осы шешім туралы көп ойландым. Бір адамның ұзақ уақыт билікте болуы дұрыс емес тұжырымға келдім. Мемлекеттің тірегі – жалғыз президент емес, бүкіл халық. Сондықтан ел басқаруға жаңа буын өкілдерінің келуі өте маңызды.

Біз ұлт мүддесін қорғайтын және халыққа адал қызмет ететін азаматтарға жол ашуымыз керек. Нағыз мемлекетшіл, отаншыл, білікті тұлғалар жұртты жасампаз істерге жұмылдырып, Қазақстанды өркендете алады. Осы ұстаным мызғымас қағидатымыз болуға тиіс», – деді Тоқаев.