Алматы. 23 қараша. 7kun.kz — Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова Қазақстанның банк секторының дамуына қатысты пікірін білдірді. Оның сөзінше, алдағы уақытта түрлі деңгейдегі банктер жабылып, бірігуі мүмкін.
«Мен сатып алулар, бірігулер, консалидация болады деп ойлаймын. Бұл тек ірі банктерге ғана емес, орта және шағын деңгейлі банктерге де қатысты болады, — деп мәлімдеді ол.
Банкирдің сөзінше, консолидация түрлі себептерге, яғни қаржы институттарындағы мәселелер мен даму перспективаларына байланысты болуы мүмкін.
«Негізгі себептердің бірі — нарық шектеулі, ал ойыншылардың саны көп. Көптеген сарапшылардың сөзінше, 35 банк біздің нарық үшін көп. Кішігірім банктер үшін бәсекелес болу қиын. Себебі олардың борышкерлері көп емес, әрі ірі клиенттерді несиелендіре алмайды», — деді ол.
Бұдан бөлек, Үміт Шаяхметова кейбір банктер мүлде жойылып кетуі мүмкін дегенді айтады.
«Біз Ресейде не болып жатқанын көріп отырмыз. Ресейдің Орталық банкі банктердің лицензиясын тоқтату туралы қатаң шешімдер қабылдап жатыр. Ұлттық банк те кейбір банктердің лицензиясын тоқтату туралы шешім қабылдады (қараша айында Ұлттық банк «Қазинвестбанк» АҚ пен «Дельта Банк» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға қатысты лицензиясын тоқтатты). Егер жағдай қиын болса бұл процесс күшеюі мүмкін», — деді ол.
Дереккөз: forbes.kz