Moody’s Қазақстанның рейтингін төмендетті

Фото:inform.kz

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz — Халықаралық Moody’s Investors Service рейтинг агенттігі Қазақстанның қамтамасыз етілмеген қарыз міндеттемелердің рейтингі мен эмитент рейтингін «Ваа2» деңгейінен «Ваа3» деңгейіне дейін төмендетті. 

Рейтинг өзгерту болжамы «негативті» делінген Moody’s хабарламасында. Агенттік Қазақстанның бюджеттік және экономикалық көрсеткіштерінің төмендегенін атап өтті.

Сондай-ақ, Moody’s Қазақстан экономикасының банк секторында қауіп күшейгендігін және ұлттық валютаның әлсізденуіне назар аударады. Осыған дейін Moody’s болжамы бойынша, бірнеше банктер кредиттеу мен қаржыландыру құнының өсуіне байланысты банктердің көпшілігі шығынға батқандығы хабарланған еді.

Агенттік бағалауы бойынша, қазақстандық билік жүйедегі тұрақтылықты сақтау үшін қысымда қалған банктерге көмектесуі мүмкін. Қазақстандық банк жүйесінің шағын көлемін есепке алсақ, үкімет төлем қабілетіне қауіп төніп тұрған банктерге қайта қаржыландыру жүргізеді дейді агенттік сарапшылары.