Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингі бойынша болжамды «жағымды» деп өзгертті

462

Алматы. 1 қараша. 7kun.kzMoody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі  Kaspi Bank-тің жаһандық рейтингі бойынша болжамды «жағымды» деп өзгертіп, ұлттық өлшем бойынша Baa2.kz деңгейіне көтерді. Бұл туралы Moody’s-тің сайтында жарияланды.

Moody’s  ғаламдық өлшем бойынша банктің рейтингтерін былай өзгертті: жергілікті және шетелдік валюта бойынша депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингін B1; қамтамасыз етілмеген орта мерзімді ескі облигациялардың ұзақмерзімді рейтингін (P) B2; жергілікті валюта бойынша тәртіптелген берешектің ұзақмерзімді рейтингін B3; MTN бойынша тәртіптелген шығарылымының рейтингін (P) B3 деңгейінде белгіледі.

Ұзақмерзімді депозиттер рейтингінің болжамы жаһандық өлем бойынша «жағымсыз» деңгейінен «жағымды» деңгейіне көтерілді.

Банктің кредит беру әлеуетінің базалық бағалауы (BCA) және банктің кредит бойынша жинақталған базалық бағасы (BCA) Moody’s сарапшыларымен «b2» деңгейінде бекітілді. Ал контрагенттердің тәуекелін бағалау (CRA) «Ba3» (cr) / NP (cr) деңгейінде мақұлданды.

Moody’s банкті мемлекеттік қолдау мүмкіндігін есепке ала отырып, депозиттік рейтингін бір деңгейге көтерген. Сондай-ақ, ұзақмерзімді депозиттердің рейтингін ұлттық өлшем бойынша «Baa3.kz» деңгейінен «Baa2.kz» деңгейіне көтерген.

Moody’s-тің рейтингтік болжамды «жағымды» дәрежесіне көтеруі активтердің сапасы мен кредиттік шығындардың төмендеуіне, проблемалық кредиттерді резервтермен қамтамасыз етуге және рентабельділік бойынша көрсеткіштердің жақсаруына әсер етеді» дейді агенттік сарапшылары.

Сондай-ақ, Kaspi Bank капиталдың жоғары резервтік қорына  және жеткілікті төлем қабілетіне ие.  Банктің рейтингі активтер сапасының көрсеткіші жақсарған жағдайда тағы да көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ, банк кредиттік ұсталымдарын жаба алмаған жағдайда және капиталдың жеткіліксіздігі туындаса, үкіметтің қолдау мүмкіндігі азайса рейтинг  болжамы «жағымсызға» қайта төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап Kaspi Вank-тің негізгі акционері «Kaspi Group» АҚ — 88,34%. Ұлттық банктің 2017 жылғы қаңтар-қыркүйегіндегі қорытынды есебі бойынша 33 қазақстандық банктің ішінде актив көлемі бойынша сегізінші орынға ие болды.