Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 110 долларға дейін (күніне+9%) өсіп, тағы бір тарихи рекорд орнатты. Бұл 2013 жылдың қыркүйегінен бастап санағандағы рекордтық көрсеткіш, хабарлайды 7kun.kz.
Мұнайдың қымбаттауына басты себеп – әлем елдерінің ресейлік мұнай мен газдан әдейі бас тартуы немесе Ресейден көмірсутек шикізатын сатып алу кезінде туындайтын төлем қиындықтарымен байланысты болып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай қарқынмен жақын арада Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 120 АҚШ доллары, яғни екі жыл бұрынғы пандемия кезіндегі бағадан 6-7 есе жоғары көрсеткішті құрауы мүмкін.