Мұнай бағасы 40 доллардан асты

Фото: vlast.kz

Құрылықаралық биржадағы (ІСЕ) сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 40,83 доллар болды. Мұнай бағасы үш аптадан бері қымбаттауын жалғастыруда, деп жазды kommersant.ru.

Биржа саудасы кезінде мамыр айына арналған Brent маркалы мұнай фючерсі Астана уақытымен 10:10-да 2,890%-ға көтеріліп, 40,83 долларға бағаланды. Ал WTI маркасының құны 4,475%-ға жоғарылап, барреліне 38,21 долларды құрады.

«Мұнай бағасы АҚШ-тағы бұрғылау құрылғылары санының қысқаруымен (қаңтар айында 60 данаға қысқарып, 654 болды) және 20 наурызда  ОПЕК елдері мен картелге мүше емес мұнай өндіруші елдер арасында болатын кездесуге байланысты өсіп жатыр», — деп атап өтті басылым.