Н.Назарбаев: Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіру қажет

1153

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіруді жүргізуді ұсынды.

«Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жекешелендіруді бастау қажет», — деп мәлімдеді Н.Назарбаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының сөзі оның баспасөз қызметінің ресми twitter-аккаунтында келтірілген.

«Сол жерде шынымен жұмыс істей алатындар ғана меншіктенуші болатындай жекешелендіру ашық өтуі тиіс», — деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі елдегі реформаларды жалғастыру жөніндегі ұсыныстарды Президент қарауына енгізуді жоспарлап отыр.

«Маусымның аяғына дейін реформаларды жалғастыру және сіздің тапсырмаларыңызды орындау жөніндегі ұсынысты Сіздің қарауыңызға жібереміз», — деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

К.Мәсімовтың айтуынша, жуырда ғана реформаларды өткізу жөніндегі комиссия аясындағы бір топтың алғашқы отырысы болып өтті.