Н. Назарбаев БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіруді ұсынды

1291

Қазақстан президенті БҰҰ бас ассамблеясының 70-ші сессиясында ұйымның штаб-пәтерін ауыструды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

« ХХI ғасырда дамдуың орталығы Азия болып отыр. Әлем халқының 2/3 бөлігі орналасқан. Үлкен ресурстар осында шоғырланған. Азиядағы экономика дамуының жаңа серпілісі жаһандық процестің шындығын көрсетті. Процеске қатысты мемлекет қарым-қатынасының жаңа импульсін беру үшін осындай тарихи мүмкіндікті пайдаланып қалуымыз керек. Сол бебепті БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға ауыстыруды ұсынамын», — деді Елбасы.