Н.Назарбаев: Еуразияға қаржылай қолдаудың бірыңғай жүйесін жасау қажет

810

Ресейдің Уфа қаласында өтіп жатқан БРИКС саммитінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық әріптестікті пайдалана отырып, Еуразияға қаржылай қолдаудың бірыңғай жүйесін құрудың маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Жақында біз “EXPO-2017” халықаралық көрмесін ұйымдастыру мақсатында “Астана” қаржы орталығын құруды басадық. Орталық тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азияның қаржы институты болмақ. Өз тарапымнан БРИКС даму банкіне, Еуразия даму банкіне және Орталық Азия банктеріне Еуразия нарығына инвестиция тартудың бірыңғай жүйесін қарастыруды ұсынамын”, — деді ҚР Президенті саммит барысында.

Сонымен қатар Н.Назарбаев ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін де қозғады.

“Еуразия нарығындағы энергоресурстардың аса ірі өндірушісі ретінде Қазақстан энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымын жасауға қатысуда. “EXPO-2017” халықаралық көрмесі аясында біз “Болашақтың энергиясы” жобасын қолға алдық. Бұл жоба бізге баламалы энергия көздерін іздестіруде соңғы технологияларды пайдалануға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді”, — деді Н.Назарбаев.