Нұрлан Смағұлов Алматыдағы Nissan автоорталығын сатты

Нұрлан Смағұлов Алматыдағы Nissan автоорталығын сатты
Фото: kapital.kz

Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz — «Астана Моторс» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов Алматы қаласындағы Nissan автоорталығын сатты. Бұл туралы бизнесмен автокөліктер сатылымына қатысты болған баспасөз конференциясында хабарлады.

«Қазір бізде бәрі жақсы. Hyundai, Subaru, BMW, MINI, Rolls-Royce, Toyota, Lexus маркалы автоорталықтары қалды. Ал мұндай бренд орталықтарын сату туралы жоспарымыз жоқ», — деді ол.

Қазақстандағы автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында Nissan маркасының 1329 автокөлігі сатылған. Бұл Қазақстандағы автокөлік нарығының 3,24%-ын құрайды.