Наурыз айында жеке тұлғалардың Jusan Bank-тегі депозиттері 79 млрд теңгеге қысқарды

2022 жылдың наурыз айында «First Heartland Jusan Bank» АҚ жеке тұлғалардың депозиттері 79 млрд теңгеге қысқарды. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған есепте жарияланды.

Құжатта компаниялардың «Еуразия» АҚ-дағы депозиттері 100 млрд теңгеге қысқарғаны туралы да айтылған.

Есепте жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі депозиттері наурызда 4,8%-ға немесе 655 млрд теңге азайып, 13,1 трлн теңге болғаны, заңды тұлғалардың депозиттері 2%-ға немесе 256 млрд теңгеге азайып, 12,8 трлн теңгеге төмендегені жазылған.