Наурызда «Бәйтерек» 1300-ге жуық пәтер беретін болады

Наурызда

2015 жылдың наурыз айында «Бәйтерек» холдингі әлеуметтік-жалгерлік тұрғын-үй бағдарламасының алғашқы қатысушыларына пәтер кілттерін табыстайтын болады.

«Біз жобамызды жүзеге асыратын жоспарымыз барын айтқымыз келеді. Қараша айынан бастап біздер билікпен біріге отырып жалгерлік тұрғын-үйлерді пайдалануға беретін желілік кесте құрған едік. Қазір іске кірісуге дайынбыз. Наурыз айында 1357 пәтерді жергілікті атқарушы органдарға тапсырып, 20 наурыз күні алғашқы тұрғындарға кілттерді табыстаймыз», – холдинг басшысы Қуандық Бішімбаев.

Пәтерлер мына қалаларда орналасқан:

Астанада – жалпы ауданы 7,5 шаршы метр болатын 86 пәтер;

Алматыда – жалпы ауданы 37  мың шаршы метрлік 708 пәтер;

Көкшетауда – жалпы ауданы 19,5 шаршы метрлік 337 пәтер;

Семейде – жалпы ауданы 5 мың шаршы метрлік 120 пәтер;

Қостанайда- жалпы ауданы 750 шаршы метрлік 11 пәтер;

«Бұл — бірінші кезең, пәтерлер әкімшілікке тапсырылды. Қазір тізімді реттеумен жергілікті атқарушы органдар айналысуда», – деп түсіндіре кетті Қуандык Бішімбаев.

Сонымен бірге, холдинг басшысы енгізілген пәтерлер көлемінің жартысы 35 жасқа дейінгі жас отбасыларға берілетінін айтып өтті. Қалған бөлігі — көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, жартылай және толық жетім балаларға, мемлекеттік қызметкерлерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне беріледі.