Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпінін атап өтті

830
Назарбаев Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстанға жасаған іссапарының барысында көкөністерді өсірумен айналысатын республика бойынша ең ірі жылыжай кешінінің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы облыстың кәсіпкерлерімен және ауыл шаруашылық өндіушілерімен әңгімелесіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң серпінін атап өтті делінген президент баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешен үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Мемлекет ауыл шаруашылық саласының дамуына жан-жақты жәрдемін көрсетіп жатыр. Соңғы 5 жыл ішінде облыста 2,3 млн тонна көкөніс шығарылған.

«Қазақтанда осындай жоғары көрсеткішке, осындай табиғи жағдайларға ие басқа аймақ жоқ. Қазір біз ЕАЭО елдерімен шекараны ашып жатырмыз. Осыған байланысты біз өніммен өзімізді ғана емес, көрші елдерді де қамтамасыз етуіміз қажет», — деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы көлік инфақұрылымын дамыту қажеттілігіне назар аударды.