Назарбаев Түркияның экс-президентімен және Польша басшысымен келіссөздер жүргізді

17
Назарбаевтың
Фото: Bnews.kz

Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының экс-президенті Абдулла Гүлмен және Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Түркияның экс-президенті Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер бола отырып, Тәуелсіз Қазақстанның егемендігін нығайтуға және оның өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасуына көп үлес қосқан мемлекет қайраткері болып табылатынын атап өтті. Ол Елбасына денсаулық және табыс тіледі.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Польша президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату шешімінің тарихи маңыздылығын атап өтті.

Анджей Дуда қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ұлт көшбасшысының рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Дуда Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметте табыс тіледі.