Назарбаев жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясын жүргізуді тапсырды

Фото: moimentananet.blogspot.com

Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясын жүргізуді тапсырды.

«Бүгінгі таңда 1,3 млн жеке тұлғаның көлік, мүлік және жер салығы бойынша бюджет алдында қарызы бар. Бұл 17 млрд теңгеден астам, оның 5 млрд теңгесі есептелген өсімпұлға тиесілі», — деді Н.Назарбаев сәрсенбіде Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Мен Үкіметке негізгі салық төлесе, осы 5 млрд өсімпұлды қарастыратын жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді тапсырамын», — деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жүргізуді тапсырды.