Назарбаев жемқорлықты қалай жою керектігін айтты

545
Назарбаев
Фото: bnews.kz

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үдерісіне жұртшылықты тарту қажет деп санайды.

«Халық сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуі тиіс. Мұндай құқық бұзушылықтарды туралы уақытылы хабарлау керек, ал мемлекет белсенді азаматтарды қолдауы тиіс», — деді Елбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен кездесуде.

Сондай-ақ, Назарбаев агенттік қызметінің тиімділігін арттыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жақсарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдадық. Алайда, бізге шет елдердің тәжірибесін әрі қарай да зерделеп, қылмыстың осы түрімен күресудің ең үздік тәжірибесін енгізу қажет», — деді Тұңғыш президент.

Кездесу барысында Шпекбаев Назарбаевқа орталық мемлекеттік органдармен және өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады.