ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Өндірістік жайларды жалға беру бағасы 1,4%-ға өсті

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы І жартыжылдықта коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасына қатысты статистика комитеті қорытынды жасады.

2018 жылғы I жартыжылдықта өндірістік жайларды жалға беру бағасы 1,4%, тұрмыстық қызмет көрсететін пункттер, сервистерді – 0,6%-ға өсті. Паркингтерді жалға беру бағасы 1%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы маусымда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғары өсімі көлік жууды жалға беру — 4,5%, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды – 3%, шаштараздар және сұлулық салондарды – 2%, өнеркәсіптік базаларды — 1,7% -ға белгіленді. Асханаларды жалға беру бағасы 1,1%, жер асты және жер үсті паркингтерді –1%-дан арзандады.

Осы айдарда

Close