Өндірушілер күріш бағасын 16,5%-ға қымбаттатты

Моңғолия
Фото: rg.ru

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы алты айда 4%-ға жоғарылады, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде — 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде 2,9% жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 4,5% қымбаттады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,2% арзандады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы металл кендеріне — 9,9%, көмірге — 9,4%, сұйытылған пропан және бутанға — 7,3%, мұнайға — 6,5%, дизель отынына — 2,8%, табиғи газға — 2,2 % жоғарылады, олардың бензинге — 11,8%, мазутқа 0,5% төмендеді.

Бағаның асыл металдарға — 7,8%, мырышқа — 4%, ферроқорытпаларға — 3,8%, қара металдар илегіне — 2,8%, мысқа 0,6% жоғарылауы, олардың қорғасынға — 3,7%,  алюминийге 3,6% төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына — 20%, бидай ұнына — 13,5%, күрішке — 16,5%, жармаларға — 10,6%, макарон өнімдеріне — 9%, мал етіне — 5,3%, нанға — 5,2%, шайға — 3,2%, өсімдік майына және сүт өнімдеріне — 2,5%, балыққа 2,1% жоғарылауы, олардың құс етіне — 3,2%, қантқа 0,3% төмендеуі байқалды.