Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артты

салынған
Фото: dnevnyk-uspeha.com

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Елімізге салынған тікелей инвестиция көлемі 15,4%-ға өсті, — деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

2018 жылы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 21,6%-ға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,7 триллион теңге болды.

Ал, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 15,4%-ға ұлғайып, 12,3 млрд долларды құрады.  Өткен жылдың 1-жартыжылдығында 10,5 млрд АҚШ долларын құраған болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды.