КеңесшіТаңдаулы1

Неліктен сізде кәсібіңізді тастап, зейнетке шығу жоспары болу керек?

Адамдардың бір бөлігі зейнетке дейін жұмыс істеуді жөн көрсе, енді бірі зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істей береді. Негізінен, әлемдік компаниялардың директорлары зейнетке шыққаннан кейін қызмет орнын босатқан дұрыс деп санайды. Себебін білгіңіз келсе, 7kun.kz ұсынған мақаланы оқып шығуға кеңес береміз.

Конрад Хафф әйелі Хеленмен бірге негізін қалаған Vege Kurl компаниясынан кету туралы шешім қабылдағанда, ешкім одан тағы да бір-екі жыл жұмыс істе деп сұрамаған. Оның ұлы Эрик Хаффманның сөзінше, әкесі оны бала күнінен компанияны басқаруға дайындаған. Сондықтан ол компанияның барлық департаменттерінде жұмыс істеп үлгерген. 1990 жылдардың соңында Эрик Хаффман Vege Kurl компаниясын басқарды. Эрик компанияға толық билік жүргізбей тұрып, ондаған жылдар бойы акцияларды сатып алып отырған, ал әкесі ол компанияның маркетинг және R&D бөлімінде қарапайым қызметкер ретінде жұмыс істеп жүргенде, бухгалтерлік есепті жақсы жүргізетін білікті маманды жалдап, баласының жанына мықты мамандарды жинай бастады.  

Vege Kurl жетекшісінің ауысуы компанияға еш кесірін тигізген жоқ. Бүгінгі күні 58 жасқа келіп, 20 жыл жұмыс істеген Эрик Хаффман енді өзі де мұрагер іздеп жүр. Себебі, үш немесе төрт жылдан кейін ол да серіктесімен бірге зейнетке шығады.

Менің 110 қызметкерім бар, бұл менің маған сенім артқан 110 отбасым бар деген сөз,”- дейді Vege Kurl компаниясының директоры 

BNY Mellon Wealth Management компаниясының стратегі Джон Крейннің сөзінше, кәсіпті басқа адамның қолына беру — күрделі шаруа. Сіз өзіңізден кейін оны кім жүргізе алатынын, кім сіздің үлесіңізді сатып ала алатынын білуіңіз керек. Кәсіпті беруге неғұрлым жақындаған сайын, сіздің сатылымды дұрыс құрылымдап, салықтан жеңілдік тауып, өзіңізді және қызметкерлеріңізді алдағы өзгерістерге дайындау мүмкіндігіңіз де төмен.  

Он жыл қалғанда мұрагерді дайындаңыз

Кәсібіңіз күрделі болған сайын оны басқа адамның қолына табыстау да қиын. Сіз оны алдын-ала жоспарлап қоюыңыз керек. Егер сіздің отбасыңызда осындай үлкен жауапкершілікті табыстайтын бауырыңыз, балаңыз, туысыңыз болмаса, болашақта компанияңызды жақсы басқара алатын, өзіңіз сенім артатын қызметкерді назарға алғаныңыз абзал. Қызметкерлерді істеген жұмысына қарай адал бағалау, олардың компанияға деген адалдығы мен құрметін арттырады. 

Бес жыл қалғанда сарапшылармен кездесіңіз  

Эрик Хаффман соңғы үш-төрт жылын адвокаттар және бизнес-кеңесшілермен әңгімелесумен өткізген. Егер Vege Kurl компаниясы өзге ұйымдармен кездесулер өткізуді ойластырса, Эрик Хаффман компания сәтті келіссөз жүргізген жағдайда, қандай өзгерістерге ұшырайтынын, неге тап болатынын болжап отырған.

Exit Planning Institute компаниясның директоры Крис Снайдердің сөзінше, компания директоры өз жұмысын өзгеге тапсырғаннан кейін кәсібінің жұмысын 90 күн бақылап отырады екен. Ал егер алдын-ала сарапшылармен кездесіп, зейнетке шығуға ертерек дайындалса, артық уайымнан айырылады.  

Бір жыл қалғанда әріптестеріңізбен жақынырақ араласыңыз 

Егер сіз сатып алушыны немесе өз мұрагеріңізді анықтап алсаңыз, зейнетке шығатыныңызды әріптестеріңізге, отбасыңызға, бастысы клиенттерге айтқаныңыз абзал. Сіздің шешіміңізге қызметкерлердің қалай қарайтынын анықтап алған жөн. Кейбір серіктестер компаниядағы маңызды қызметкерлер жұмыстан шығып кетсе, ары қарай бірігіп жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін. Сондықтан, өзге компаниямен келіссөз жүргізерде, оның барлық талаптарын анықтап алу маңызды. 

Егер жоғарыда аталған кеңестерге құлақ түріп, әлемдік танымалдығы бар компания директорларының тәжірибесінен үлгі алатын болсаңыз, уақыт ұтып қана қоймай, қомақты қаржы табуға да мүмкіндігіңіз зор. 

Дереккөз: ain.ua

Tags

Осы айдарда

Close