ЖаңалықтарТаңдаулы1Экономика

Өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 16,4% жоғарылады

Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 16,4%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 24,6%, өңдеу өнеркәсібінде 7,5%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім – 17,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 7,5%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға – 28,5%, дизель отынына – 23,9%, мазутқа – 20%, табиғи газға – 12,4%, көмірге – 10%, металл кендеріне – 2,8%, бензинге 1,8%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға – 19%, қара металдар илегіне – 18,2%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға – 10,9%, мырышқа 9,3%, мысқа 1,7%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке – 18,9%, өсімдік майына – 8,2%, шайға – 7,3%, бидай ұнына – 4,5%, қара бидай ұнына – 3,8%, балыққа – 3,5%, құс етіне – 2,9%, мал етіне – 2,6%, сүт өнімдеріне – 2,5%, нанға 0,9%-ға жоғарылауы, олардың жармаларға – 1%, макарон өнімдеріне 0,4%-ға төмендеуі байқалды.

Tags

Осы айдарда

Close