Несие тарихын қалай қалпына келтіруге болады?

несие

Мен 2000-2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін несиемен бітірдім. Сол несие төленбей, енді төлеп жатырмын. Ал Астанадағы қаржы орталығы сені сотқа бердік дегенді айтады. Енді осы несиені төлеп болған соң несие тарихын қалай қалпына келтіруге болады?

Екибаев Естай, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Естай, сіздің берген сұрағыңыз бойынша несие тарихын тазалау мүмкіндігі жоқ, себебі несиелік тарих несие алушылардың несиеге қатысты міндеттерін орындай алмауының көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар несиелік тарихты қадағалайтын бірінші несиелік бюро мемлекеттік емес ұйым болып табылады.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.