Несие портфелінің көлемі бойынша Алматы облысы үшінші орында 

549
Алматы

Талдықорған. 1 қараша. 7kun.kz — «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла басталғалы ШОБ субъектілеріне 26,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Несиелік портфель көлемі бойынша Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы А. Баталов хабарлағандай, «Даму» қоры, жергілікті бюджет және Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы есебінен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, соның ішінде 1,9 млрд теңгесі – жергілікті бюджеттен.

— Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын неисеге 5,3 млрд теңге қарастырылды. Соның нәтижесінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны үш жылда 23 пайызға, жұмысшылар саны – 16 пайызға, шығарылған өнім көлемі – 29 пайызға өсті, — деді А. Баталов.