Өнімдікті арттырудың 7 тәсілі

453
өнімдік
Фото: hipo.kz

Күш қайратыңды салып, беріле жұмыс істеу – үнемі жетістікке жеткізе бермейді. Аз жұмыс істеу арқылы да керемет нәтижелерге қол жеткізуге болады. Мүмкін бұл жалқаудың сылтауына ұқсайтын болар. Дегенмен де, ғылыми деректер мен соңғы ізденістер осы сөзімізді қостап отыр.

Көз алдымызда кішігірім бизнесі бар тыңғылықты жұмыс істейтін адамды елестетейік. Уақыт – шектеулі ресурс. Кәсіпкер аптаның 7 күнінде 24 сағаттан жұмыс істеуі мүмкін, бірақ оның басқа қарсыласы үнемі ақша жаратып, үлкен ұжым құрып, тура сондай жобаға әлдеқайда көбін жұмсауы мүмкін. Онда неге кішігірім стартап-компаниялар ірі корпорациялар жете алмаған жетістіктерге қол жеткізеді? Facebook бар-жоғы 13 жұмысшысы бар Instagram компаниясын сатып алды. Snapchat, 30 қызметкері бар стартап-компания, Facebook-тан Google-ға дейінгі бағдарламаларда қолданылады. Олардың жетістігінің бір бөлігі – сәттілік, бірақ көбісі — өнімдіктің арқасы.

Жетістіктің кілті – ауыр емес, ақылды еңбекте.

Уақыттың жоқтығы және тиімділік – екеуі екі бөлек нәрсе. Егер сіз бір іспен айналысып бос болмасаңыз, ол тиімді әрекет етіп жатырсыз деген сөз емес. Өнімді жұмыс істеу – уақытты тек басқару ғана емес, энергияны дұрыс арнаға жұмсап отыру. Барынша аз энергия жұмсап, көп пайда алуға ұмтылу керек. Төменде сіздерге өнімдікті арттыру үшін құтылу керек 7 әдеттің тізімін ұсынамыз.

1. Артығымен жұмыс істеуді доғарыңыз

Сіз 40 сағаттық жұмыс аптасы (дүйсенбіден жұмаға дейін күніне 8 сағаттан) қайдан пайда болғанын білесіз бе? 1926 жылы Генри Форд, америкалық өнеркәсіп иесі және Ford Motor Company негізін салушы эксперимент жүргізу арқылы өте қызықты нәтижеге қол жеткізді: сіз күнделікті жұмыс сағатын 9 сағаттан 8 сағатқа азайтсаңыз, және жұмыс күнін 6 күннен 5 күнге қысқартсаңыз, сіздің өнімдігіңіз артады.

1980 жылы The Business Roundtable америкалық журналына жарияланған «Scheduled Overtime Effect on Construction Projects» баяндама үзіндісінде: «Көп жұмыс істеген сайын сіздің тиімдігіңіз және өнімдігіңіз төмендейді, оның қаншалықты тез немесе баяу жүзеге асатыны маңызды емес», — деп жазылған.

Alternet-ке арналған мақалада Сара Робинсон АҚШ әскеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары туралы жаза кеткен. Содан шыққан қорытынды бойынша «әрбір түн сайын жоғалған бір сағат ұйқы, қанның құрамына 0,10 промиллеге тең алкоголь деңгейіндей зиян келтіреді». Басқа сөзбен айтқанда, сізді жұмысқа мас кейіпте келгеніңіз үшін жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін, бірақ, ұжымда жартылай ұйқылы адамды ұстау қалыпты нәрсе болып есептелінеді.

Ұйқысыз түннен кейін сіз барлығының тек негативті жақтарын көп көретін боласыз. Бұл — нашар көңіл-күйдің нәтижесі, шаршаған адам үшін қалыпты нәрсе. Осындай жағдай көбінесе дұрыс ойлана алмау және құлшыныссыз әрекет ету, импульстарды бақылау, басқаларға аяушылықпен қарау сынды, бір сөзбен айтқанда, эмоцианалды интеллектке бейім болуға түрткі болады.

Өнімдік деңгейін арттыру үшін артық жұмыс істемей, жақсы ұйықтау аса маңызды. Сіз өзіңіздің тиімді жұмыс істей алмауыңыздың себебі неде деп қам жесеңіз, ол сұрақтың жауабын оп-оңай табуға болады: сіз ұйқысы қанбайтын 70 пайызға кіретін адамдардың бірісіз.

  • Леонардо да Винчи күніне бірнеше рет ұйықтаған, бірақ түнде аз ұйықтайтын.
  • Наполеон қалғып алудан ұялмайтын. Ол күнделікті өзінің тынығып алуына жағдай жасайтын.
  • Томас Эдисон өзінің ұйықтап алу әдетінен ұялғанымен, бұл әдісті күнделікті жүзеге асырып отыратын.
  • Франклин Д. Рузвельттің әйелі Элеонор Рузвельт сахнаға шықпас бұрын энергия алу үшін тынығып алатын.
  • «Әнші ковбой» Джин Отри халық алдына шықпай тұрып өзінің бөлмесінде күні бойы ұйықтаған.
  • Президент Джон Ф. Кеннеди түскі асын ішкен соң күнделікті бір сағатын ұйқыға арнаған.
  • Рональд Рейган да көпшіліктің наразылығын тудырғанымен қалғып алу әдетімен танымал болған.

2. «Иә» деп жиі айта бермеңіз

Парето принципіне сәйкес, 20 пайыздық талпыныс 80 пайыздық нәтиже көрсетеді, ал қалған 20 пайыздық нәтиже 80 пайыздық талпынысты жұтып алады. Қиналып жұмыс істегеннен гөрі біз ең алдымен 80 пайыз нәтиже көрсететін істерге күш жұмсап, басқаларына араласпағанымыз жөн. Сол кезде біздің одан маңызды міндеттерге уақыт жұмсауға мүмкіндігіміз болады. Біз үлгермейтін заттарға «иә» деп айтуды доғаруымыз керек. Уоррен Баффет айтқандай, «Табысты адамдар мен өте табысты адамдардың айырмашылығы: өте табысты адамдар мүмкіндігінше барлығына «жоқ» деп жауап береді».

Осы жерде сұрақ туындайды: қайсысына «иә», қайсысына «жоқ» деп жауап беру керек?.. Егер түсіне алмай жатсаңыз, қарапайым тест тапсырыңыз. Ойыңызбен сіздің істеуіңіз керек істерді қарастырып, барлығының жүзеге асуы қаншалықты мүмкін екенін бақылаңыз. Көпшілігіміз «иә» деп жиі айтамыз. Себебі, келісу «жоқ» деп айтуға қарағанда жеңіл және көбіміз жаман жақтан көрінгіміз келмейді.

Journal of Consumer Research басылымында жарияланған 2012 жылдың зерттеуінде ғалымдар 120 студентті 2 топқа бөлген. Бір топты «Мен оны істей алмаймын» деген ұстанымға үйреткен, екінші топтағы студенттерді «Мен бұны істемеймін» дегенге үйретті. Зерттеу өте қызықты нәтиже көрсетті. «Мен Х-ті жей алмаймын» дегендердің 61 пайызы шоколад батончигін жеуге дайын еді. Ал «Мен Х-ті жемеймін» деген студенттердің тек 36 пайызы ғана батончикті жегісі келген. Терминологиядағы жай ғана өзгеріс ішкі күйзеліске де айтарлықтай әсер ететіні көрініп тұр. Келесі жолы өзіңізді «иә» деп айтудан тежеу керек болса, өз-өзіңізге «мен бұны істемеймін» деп айтыңыз.

3. Барлығын өзіңіз жасамай, басқалардың көмек беруіне рұқсат етіңіз

Бірде менің үлкен топты басқаруым керек болды және ол жұмысты өз деңгейінде орындай алмадым. Мен барлығын өзім істеуге тырыстым. Көп жұмыстан күйіп-пісіп кеттім, түбінде барлығы өз-өзін басқарумен аяқталды: топ мүшелері менсіз-ақ барлығын жақсы істеп шықты. Мен қоғамның потенциалды күшін түсініп, брендтерге неге қолданушылық контент керектігін білдім.

Сатып алушы басқа кез келген маркетологқа қарағанда өзіне не керектігін жақсы біледі. Octoly компаниясының бақылауына сүйенсек, халық брендтің ресми жарияланған бейнебаянына қарағанда YouTube-қа шыққан қолданушылық бейнебаянды 10 есе көбірек көрген. Нақты бренд туралы ақпарат іздегенде америкалықтардың жартысы бренд сайты (16%) мен медиадағы бренд туралы ақпаратқа қарағанда (14%) юзерлік контентке (51%) көбірек сенім артқан. Маркетологтың ашық болуы әрі айналасында бренд қалыптастыратын қоғамда көмек іздей білуі аса маңызды.

Керек кезде көмек сұрау мүмкіндігі бар екенін түсіне біліңіз. Барлығын жалғыз атқару мүмкін емес. Керісінше, басқа біреуге одан да жақсы істеуге, тіпті, бірнеше міндетті «тартып алуға» рұқсат еткен дұрыс. Себебі, бұл одан да маңызды элементтерге көбірек назар аударуыңызға жол ашады. Бір нәрсенің шешімін табуға қиналып, уақыт кетіргенше, арнайы мамандардың сізге көмек беруіне жағдай жасаңыз.

4. Перфекционизм немесе идеалдыққа ұмтылуды доғару

Доктор Симон Шерри, Далхауси Университетінің психология профессоры перфекционизм мен өнімдіктің байланысы туралы зерттеу жүргізіп, «Перфекционизмге ұмтылған сайын профессордың өнімдігі төмендейді» деген тұжырымға келді. Төменде перфекционизмге бейім адамдарда болатын бірнеше проблема көрсетілген:

  • Олар жүктелген міндетке керектіден көп уақыт жұмсайды;
  • Үнемі әрекет ету үшін қолайлы уақытты күтеді;
  • Майда-шүйдеге қадалып, жалпылама көріністі байқамай қалады.

Маркетологтардың көбісі қолайлы уақытты жиі күтіп жатады. Осылай күту арқылы түбінде тиімді сәтті өткізіп алады. Ұмытпаңыз, ең қолайлы сәт — дәл қазіргі сәт.

5. Бір нәрсені қайта-қайта істей бермеудің амалын табу

Tethys Solutions зерттеуіне сәйкес қайталана беретін міндеттерге өзінің 3%, 20%, 25%, 30% және 70% уақытын жұмсаған бес адамнан құралған топ, екі айдан кейін өнімдігінің 3%, 10%, 15%, 15% және 10 пайызын жоғалтқан.

Бір апта бұрын мен 15 минутымды Python-ға қарапайым бағдарлама жазуға жұмсадым. Оның идеясы мынада: твиттер API-нен көшіріп алынған мәліметтер жинағын Ruby ботасын қолдану арқылы өңдеу және Hootsuite көмегімен ірікеу. Басында осы процесс үшін менің толығымен бір күн уақытым жұмсалған болса, қазір бұл іске бес минуттан аз уақытымды жұмсаймын. Бүгінде бес реттен көп қайталана беретін жұмыс келсе, өз-өзімнен «менің орныма осыны атқаратын бағдарлама бар ма екен?» деп сұраймын.

Қайталана беретін міндеттерді тездету үшін сіздің бағдарламалаушы болуыңыз міндетті емес. Қажетті құралдар мен ресурстар тізімі болса, әрине, жақсы. Дегенмен, өзіңіз жасай алмасаңыз, сатып алыңыз.

Уақыттың ақша екенін адамдар жиі ұмытады. Әдетте, біз барлығын өз қолымызбен істейміз, себебі, ол оңай және алдын ала зерттеуді қажет етпейді. Инстаграмдағы байқауға арналған 30 суретті өзіміз-ақ юзер арқылы модерация жасай аламыз. Егерде 30 мың сурет және бес түрлі платформадағы бейнебаяндармен жұмыс істеу керек болса, сізге өзіндік софт қажет.

Егер мәселе әлі де шешілмесе, сізге көмек беретін эксперт кеңесіне жүгінсеңіз болады. Есте сақтаңыз, ақша табу үшін сіз ақша жаратуыңыз керек, ал уақыт — біздің ең маңызды тауарымыз.

6. «Ойлаймын» деуді доғарыңыз, өз шешіміңізді жүзеге асырыңыз

Айталық, бағдарламаларды қолдануды жақсы меңгере алдыңыз делік, олай болса, тұлғалық өсу мен өзіндік потенциалды дамыту да сіздің қолыңыздан келеді.

Түрлі сұрақтардың жауабын беретін көптеген зерттеулер бар екенін ұмытпаңыз. Мысалы, адамның ойын бөлу күндізгі 12.00 мен 16.00 уақыт аралығында өте оңай екенінен хабардарсыз ба? Бұл кездейсоқ статистика Пенсильвания Университетінің психология профессор Роберт Мэтчкоктың зерттеуінің арқасында белгілі болды.

Әрдайым өзіңізге есеп беруге дағдыланыңыз. Сізге жүктелген ісіңізді қалай өлшеп, тиімді атқаруға болатынын әрдайым қадағалаған жөн.

7. Ешнәрсе істемеу үшін бір минут үзіліс жасаңыз

Көпшілігіміз бір іске қатты берілген кезде өзімізді-өзіміз бір бөлмеге қамап қоятынымызды түсінбейміз. Кейде сәл серуендеу немесе жалғыз қалу пайдалы. Біз іс ортасында рефлексия мен қоршаған ортаны сезінуге де уақыт бөлуіміз керек. Тіпті, көп мәселенің сұрағын сол қызметпен айналыспайтын кездері тауып жатамыз.

Жарты түн жұмыс істеу арқылы біз өнімдігімізді арттырмаймыз. Әрине, өмірдегі басқа да заттар сияқты жұмыс та талпынысты қажет етеді. Жай ғана отырып күте беретін болсақ, ешқандай өзгеріс болмайды. Ал жемісті әрі бақытты өмірге энергия алу үшін, алдымен, өз-өзімізді тануымыз шарт.

Дереккөз: hipo.kz