Nissan әлем бойынша 768 мың автокөлікті қайтарады

454
Nissan әлем бойынша 768 мың автокөлікті қайтарады

Жапондық Nissan Motor Co әлем бойынша 768 мың автокөлікті пайда болған екі ақауды жоюға шақырады деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

552 мыңнан аса Rogue жол талғамайтын көліктері жүргізуші жақтағы еденде қар немесе жаңбырдан жиналатын ылғалдық, электр өткізгіште орын алатын тұйықталуға, оның салдары жануға алып келу мүмкіндігіне байланысты қайтарылып жатыр.

Сонымен қатар, 2014-2015 жылдардың модельдік қатары саналатын 215,8 мыңды құрайтын Pathfinder, Infinity JX 35 и Infinity QX60  автокөліктерінің бекітпелеріне қатысты проблемалары бар, соның салдарынан бекітпе кенет ашылып кетіп, жолда келе жатқан жүргізушіге алдыңғы көріністі жауып қалып, үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Nissan-ның хабарлауынша осы екі мәселеге қатысты әлдебір жағдайлар орын алғандығы жөнінде әзірге ешқандай хабарламалар келіп түспеді.