Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында инфляция 0,4%-ті құрады, — деп хабарлайды kazakh-zerno.kz.
Азық-түлік тауарларының бағасы наурызда 0,9%-ке өссе, азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,1%-ке қымбаттады. Ақылы қызметтердің тарифтерінде өзгеріс жоқ.
Наурызда Қазақстанның астанасында тары – 5,7%-ке, бірінші сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ке, жемістер мен көкөністер – 3,2%-ке, ұнтақ жармасы – 2,6%-ке, макарон өнімдері – 2,2%-ке, қарақұмық жармасы – 1,4%-ке, жоғары сұрыпты бидай ұны – 1,2%-ке, пастерленген сүт – 1,1%-ке, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер мен күріш – 0,9%-ке, ет, шұжық өнімдері – 0,7%-ке, ішімдік, темекі өнімдері, сондай-ақ кондитерлік нан – 0,4%-ға, сұлы жармасы мен шай – 0,3%-ке, сусындар, балық және теңіз өнімдері – 0,2%-ке, шекер, ірімшік және сүзбе – 0,1%-ке қымбаттады.
Сонымен қатар, тауықтың бағасы – 2,3%, қышқыл сүт өнімдері – 1,7% және жұмыртқа, сүт өнімдері – 0,4%, май мен майлар – 0,1% төмендеді.
Макарон өнімдерінен рожки – 2,4%-ке, вермишель – 2,2%-ке, кеспе – 1,6%-ке қымбаттады.
Ал, көкөністерден пияз – 32,0%-ке, ақ қырыққабат – 14,6%-ке, сәбіз – 13,7%-ке, қызанақ – 4,2%-ке, қызылша – 3,0%-ке, картоп – 1,0%-ке қымбаттаса, қияр 11,1%-ке арзандады.
Дизель отыны – 0,4%-ке, бензин 0,2%-ке арзандады.