Нұр-Сұлтанда 1 млрд долларға туристік аймақ пайда болады

45
15
Фото: nu.edu.kz

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Нұр-Сұлтанда көпфункционалды туристік аудан құру 1 млрд доллар тұрады. Бұл туралы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қалалық басқармада хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, жобаны 2020 жылдан бастап 2022 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Туристік қаланы құру туралы меморандумға астана әкімдігі мен Ellington Properties Development LLS (Дубай, БАӘ) компаниясы арасында қол қойылды. Жобаның құны шамамен 1 млрд долларды құрайды», — деп түсіндірді басқармада.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристер санын 9 млн адамға дейін арттыру мақсатын қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан таяу арада шетелдік және отандық туристер үшін тартымды орындардың бірі, сондай-ақ әлемдік этнотуризм орталықтарының бірі болады.

Еске сала кетейік, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Тенгри курортын салу ұсынылды. Жоба — республикалық туристік картаның топ-10 нысанына енген Алматы тау-кен кластерінің бір бөлігі. Сонымен қатар, Алматы облысында 1,5 млрд теңгеге ойын-сауық паркі салынады. Жоба мемлекеттік ақша қаражатын тартпай, әлеуетті инвесторлардың жеке қаражатына 2019-2021 жылдар кезеңінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.