Нұр-Сұлтанда біреудің пәтерін жалға берген қылмыскер ұсталды

17
Алматы
Фото: PRIME.MD

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — Нұр-Сұлтанда жалға берілетін пәтерлер махинациясына күдікті 30 жастағы ер адам ұсталды.

Қала полициясының хабарлауынша, ұсталған азамат елорда тұрғыны. Ол жылжымайтын мүлік сайттарынан 7-10 мың теңгеге тәуліктік пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруларды табады. Содан кейін оларды 100-130 мың теңгеге ұзақ мерзімге үшінші тұлғаларға тапсырған. Қазіргі уақытта полиция осындай төрт оқиғаны тіркеді.

Айта кетерлігі, фигурант ұзақ мерзімді жалға алу нарығында ең танымал пәтер орналасқан Алматы ауданындағы бір, екі бөлмелі баспаналарды жалдаған.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.