Нұр-Сұлтандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады

жұмыссыздық
Фото: rosbalt.ru

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz – Нұр-Сұлтандағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың бірінші тоқсанында 4,5%-ды құрады, — деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

2019 жылдың басынан бастап, жұмыс іздеу мәселесімен елорданың жұмыспен қамту орталығына 7 371 азамат жүгінген.

2 769 адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылып, оның ішінде 2 628 адам жұмысқа орналасқан.

694 адам толық уақытты жұмысқа, 390 жас астаналық жастар тәжірибесіне, 85 тұрғын әлеуметтік жұмысқа орналасқан. 1 459 адам қоғамдық жұмыс істейді.

141 адам электромонтаждаушы, тігінші, аспаз, кондитер, бағалаушы-сарапшы сияқты қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бастады. Бұл үшін 913 адамды қамту мақсатында 110,4 млн теңге бөлінген.