Нұрәли Әлиев Астана әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Фото: radiotochka.kz

Нұрәли Әлиев Астана әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында мәлім болды. Алдағы уақытта Нұрәли Әлиев бизнеспен айналыспақ.

«Көп жыл бизнесте жүрдім. Компаниялардың экономикалық әлеуетін ашып көрсету, жаңа қаржы орнын білу және дамыту мен үшін қызықты. Сондықтан мен Астана әкімінің орынбасары қызметінен кетіп, бизнесті ары қарай жалғасытрамын», — деді ол.

Нұрәли Әлиев 1985 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетінің экономика факультетін бітірген. Pepperdine University (АҚШ), International University (Аустрия), Imadec University халықаралық бизнес мектебінде оқыған.

2006 — 2007 жыл– «Hit TV» телеарнасының президенті.

2006-2007 жыл – «Нұрбанк» АҚ басқармасының бірінші орынбасары.

2007-2008 жыл – «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың мамырына дейін — Қазақстан даму банкінің вице-президенті.

2013-2014жыл — «Транстелеком» АҚ президенті.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап — Астана қаласы әкімінің орынбасары.