Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті сенатор» атанды

162
Берік Уәли
Фото: rcpp.kz

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мұндай мәртебе Қазақстан мемлекеттілігі мен парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуындағы оның тарихи рөлін мойындау белгісі ретінде беріледі.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мемлекет масшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің салтанатты ант беру кезінде Тұңғыш президент, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы ұсыныс енгізгенін еске салды.

«Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, Сенат бюросының мүшелері «Құрметті сенатор» мәртебесін мақұлдады. Ережеге сәйкес мәртебені беру туралы шешім Сенат отырысында қабылданады », — деп түсіндірді Назарбаева.

Депутаттардың бәрі Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру үшін дауыс берді.

«Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. «Құрметті сенатор» мәртебесін беру — Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық қоғамның бірігуіне қосқан зор еңбегі үшін әділ баға және құрмет. Барлығыңызға рақмет! », — деді Сенат спикері.