ОҚО-да 134 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді

әлеуметтік

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылы облыстық құрылыс және аудан/қала әкімдіктері тапсырысшы болып есептелетін 233 инвестициялық жобаның іске асырылуына  66,2 млрд теңге қаралған. Бүгінде аталған нысандардың   115-і тапсырылса, 118 нысан 2018 жылға өтпелі. ОҚО-да 134 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары хабарлайды.

Әлеуметтік сала бойынша өңірде 134 нысан құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 82-сі жаңа  білім беру ұйымдары болса, 39 денсаулық сақтау, 7-уі мәдениет және спорт,  өзгеде 6 нысан құрылысы.

Сала мамандарының айтуынша, жоғарыда аталған білім ошақтарының 79-ы жаңа мектеп, ал қалған 3-уі кәсіптік білім беру ұйымдары. Осы нысандардың 27-нің құрылысы өткен  жылы басталған екен.

Құрылысы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен республикалық, облыстық бюджет қаржысынан жүргізілген білім нысандарының 32-сі 2017 жылы ел игілігіне берілсе, қалған 50 білім беру ғимараты 2018 жылы тапсырлады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, облыста денсаулық сақтау саласында 39 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 34 нысан пайдалануға берілді. Қалған 4 емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы  2018 жылға өтпелі.

Ал, мәдениет саласында 4 нысан  құрылысы жүргізіліп, Сарыағаш пен Бәйдібек ауданында мәдениет ошақтары тапсырылса, қалған екі нысан құрылысы 2018 жылы ел игілігіне ұсынылады. Сондай-ақ, спорт  саласында облыстық бюджеттен салынған үш нысан құрылысы келер жылы тапсырлады.

Қорыта айтқанда 2017 жылы облыста  32 мектеп пен 34 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет үйі мен өзгеде 2 нысан пайдалануға берілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі