ОҚО-да лимон шаруашылығы дамып жатыр

ОҚО. 4 қараша. 7kun.kz – Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында лимон шаруашылығы қолға алынып жатыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Цитрусты өсімдіктердің айрықша түрлерін жылыжайда өсіріп, бүгінде агрономдар жемісін көріп отыр. Кәсіпкер Юрий Пак Көксайек ауданында 0,07 гектар жерге лимонның осы түрін екен.

Үш жыл бұрын будандастырылған көшет жемісін берген соң, кәсіпкер идеясын іске асыруды шешкен. Юрий Алексеевичтің айтуынша, бұл ерекше цитрустың түрі шыдамдылықты талап етеді. «Егер осыдан тәжірибе алсақ, банан, киви сияқты тропикалық жемістерді қорықпай өсіре беруге болады», — дейді кәсіпкер.

Өсімдікті тереңдігі 3-6 метр, үй жағдайында 2 метрге дейін отырғызуға болады. Лимон ағашы жемісін 6-10 жылда, орташа ұзақтығы 60 жылда береді. Кемеқалған округіндегі  «Нематулла» шаруашылығы соңғы 3-4 жылда 5,5 гектар жерге қияр мен қызанақ, лимон отырғызып, қазір оларды ішкі нарықта сатып отыр.

Мейірім БАҚЫТЖАНОВА, «7»