ОҚО-дағы өнеркәсіп көлемі 9 айда 5%-ға артты

597

Оңтүстік Қазақстан облысында  өнеркәсіп өнімінің көлемі тоғыз айда 4,9%-ға артып, 574,2 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемінің өсуі негізінен 104,5% тамақ, 117,5%-ы мұнай өңдеу болса, 127,3% фармацевтикалық, ал 115,4% өзге металл емес минералды өнімдер мен 107,4% металлургия өндірісі есебінен орын алып отыр деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі. 

Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 319,6 млрд. теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 150,3 млрд. тг, егін шаруашылығында — 168,6 млрд. тг. өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері  құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3 млрд. теңгені құрап,  385,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артты. 

Сондай-ақ, облыста 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. Айқындалған 83 индикаторлардың ішінде 11-і биылғы жылдан бастап, алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген Меморандумның  индикаторлары болып табылады. Жыл соңына дейін белгіленген индикаторларға қол жеткізілетін болады.

Айта кетейік, 2015 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім бойынша республикада тұрақты 5 орында орналасқан.