Таңдаулы1

ОҚО-да зорланды деген баланы қоғамдық ұйымдар Алматыға алып келеді

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – ОҚО Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлады деген 1 сынып оқушысына психологиялық, медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл үшін қоғамдық ұйымдар баланы әжесімен бірге Алматыға алып келеді. Бұл туралы «Добровольное Общество Милосердие» ҚҚ басшысы Аружан Саин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 «Оқиғаға қатысты ақпарат түсініксіз және керағар болғандықтан құқық қорғаушылар мен белсенді азаматтардың арқасында бірқатар қоғамдық ұйымдар бірігіп келесі шараларды жүзеге асырамыз:

1. Жанна Ахметова бала мен әжесін, жол ақысы мен пәтер жалдау құнын өз мойындарына алған адамдармен бірге Алматыға келуін қадағалайды.

2. Гулзат Ассанова (Gulzat Assanova), Қазақстанның психологтар одағы әріптестерімен бірге баланың эмоционалдық жағдайына психологиялық зерттеу жасайды.

3.  «Добровольное Общество Милосердие» ҚҚ медициналық жағы мен мемлекеттік органдармен өзара әрекетті бақылайды.

Біз ҚР БҒМ басшыларына әрекетіміз туралы ескертіп, бала мен әжесіне және ооларға көмектесіп отырғандарға қысым жасап отырғандардан әкімшілік тарапынан қолдауды сұрадық. Біз бұл іс бойынша аймақтағы әрекеттерге сенімсіздік танытқандықтан, жағдайға тәуелсіз баға беру мақсатымен бірлесіп әрекет етіп отырмыз. Бұл мәселеде барынша обьективті боламыз», делінген Аружан Саинның жазбасында.

Қоғамдық ұйымдар тексеру нәтижесін баланың отбасы мен мемлекеттік органдардың басшыларына жолдамақ.

Сондай-ақ, Аружан Саин сарапшы-дәрігерлерді кәсіби кеңес беріп көмектесуге шақырған. Ол үшін мамандар Татьяна Семеноваға +7 701 783 5303 нөмірі арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ, тегін кеңес бергісі келген заңгерлер мен отбасына қаржылай көмек көрсеткісі келген азаматтар Жанна Ахметова хабарласа алады.

Айта кетейік, әлеуметтік желі мен БАҚ-да Абай ауылында 1 сынып оқушысын жоғары сыныптарында оқитын оқушылар ұрып-соғып, зорлап келгені туралы ақпарат тараған еді. sn.kz сайтының жазуынша әжесімен ғана тұратын баланының қорғансыздығын пайдаланған жауапты тұлғалар істі жауып тастауға тырысқан. Кейін зорлық тоқталмаған, зорлықшылар саны екеуден төртеуге (кебір ақпаратта – алтауға) жеткен. Ең сорақысы, бұл жайттан  мектеп директорынан бастап, оның орынбасарлары, мектептің мұғалімдері де хабардар болған екен. Алайда, біле тұра ешқайсысы 7-8 сынып оқушыларын тоқтатуға әрекет жасамаған. Тек ауызша ескертумен шектеліп, ауыр қылмыстың одан әрі жалғасуына жол берген. Зәбір көрген бала түнде ұйықтамай, шошып оянып, су терге түсетін болған. Бұл ақпарат БАҚ арқылы тараған соң, жергілікті билік пен БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова зорлау ісі расталмады деп түсінік берді. Алайда бұған көпшілік сенбей отырған сыңайлы. Оңтүстіктен шығатын «С-ИНФОРМ» газетіне сілтеме жасаған sn.kz жазуынша№74 мектептің директоры жергілікті мәслихат депутатының келіні, қайынағасы ОҚО Ішкі істер департаментінде үлкен лауазымдардың бірінде отыр екен. Енді қоғамдық ұйымдар бұл істі өздері қолға алмақ.

Осы айдарда

Close