ОҚО мен «Қазатомпром» арасында меморандум жасалды

Шымкент. 8 қараша. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысы және «Қазатопром» АҚ арасында екіжақты әріптестікті нығайту туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жақын арада мен президенттің қабылдауында болдым. Ұлттық компания экономиканың әртараптандыруы және жекешелендіруін өз мойнына алды. Осы жылдың экономикалық трансформация нәтижесінде 17 млрд теңге үнемделінді. 2025 жылға дейін 136 млрд теңге үнемделуі керек. Қазақстан жылына  19 тонна уран өңдеп, ең үздік көрсеткішке жетті. Созақ ауданынан алынатын ресурстар, әсіресе, ерекше орын алады», — деді «Қазатомпром» басшысы.

Оның сөзінше, 2025 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына  79 млрд теңге бөледі.  2014 жылы компания ОҚО әкімдігімен болған меморандум аясында жалпы құны 1 млрд  теңге болатын 12 әлеуметтік нысанды пайдалануға берген. Ал жаңа әлеуметтік нысандар құрылысына 800 млн теңге бөлінді.

Сондай-ақ, әлеуметтік даму саласындағы қарым-қатынастарды қолдау және нығайту саласындағы екі жақты құжат шығады, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, жұмыс берушінің еңбек заңнамасына жандандыру сәйкес келу сұрақтары қарастырылады.

Облыс басшысы Жансейіт Қансейітовтың атап өтуінше, меморандум аясында 12,5 мыңнан астам жұмысшы жергілікті өніммен қамтамасыз етілуі қажет.

Ұлдай ЖАНЛБЕК «7»