БиткоинЖаңалықтарТаңдаулы1

Оңтүстік Кореядағы криптовалютаның жабылу ықтималдығына байланысты биткоин арзандады

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Әлемдегі ең танымал криптовалюта биткоин құлдырай бастады. Криптовалюталық нарықта алыпсатарлықты шектеу үшін Оңтүстік Кореядағы криптовалюталық биржалар жабылуы мүмкін, деп мәлімдеді Прайм.

CoinMarketCap порталының мәліметі бойынша, биткоин 6,56 пайызға, 14,4 мың долларға дейін арзандады. Bitfinex биржасында криптовалюта 8 пайызға, 13,75 мың долларға дейін төмендеді. GDAX-да 9,22 пайызға, 13,98 мың долларға дейін төмендеді. Coindesk порталының деректері бойынша, биткоин 9,88 пайызға, 13,86 мың долларға дейін арзандады.

Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасы хабарлағандай, үкімет криптовалюта саласындағы қылмыстармен күресуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, билік операцияларды жүзеге асыру кезінде нақты атаудың ашылуын талап етеді, ал банктерге криптовалюталық биржаларында жұмыс істеу үшін виртуалды шоттар жасауға тыйым салынады. Үкімет сондай-ақ, елдегі криптобиржаны жабуды жоққа шығармайды.

Tags

Осы айдарда

Close